18.07.2024
ТЖД алматылықтарға ескерту жасады: 18 шілдеде Алматының таулы аудандарында бұршақ, найзағай және қатты жел күтіледі
ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
18 шілдеде Алматының таулы аудандарында бұршақ жауып, найзағай ойнайды және қатты жел соғады деп күтілуде. Найзағай кезінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетеді.
Қолайсыз ауа райына байланысты департамент қала тұрғындарына көліктерін ағаштардың астына қалдырмауға кеңес береді.
«Егер бұршақ жауғанда ғимарат ішінде болсаңыз, терезелерден барынша алыс тұрыңыз және үйден шықпаңыз. Егер бұршақ сізді көшеде қалдырса, баспана тауып бой тасалауға тырысыңыз. Бұл үйдің ернеуі (карниз), балкон немесе аялдама павильоны болуы мүмкін. Егер жақын маңда дүкен немесе кіруге болатын үйдің кіреберісі (подъезд) болса, ішіне кіріп, қолайсыз ауа райының басылуын күтіңіз», - деп үндеу тастады мегаполис тұрғындары мен қонақтарына.
Дереккөз: Zakon.kz