Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттерінің тұрақ ақысын мобильді шот балансынан төлеуге мүмкіндігі бар. SMS хабарламасының құны сіздің тарифіңізге байланысты.
1309 нөміріне SMS жіберіңіз, тақтада көрсетілген тұрақ нөмірін көрсетіңіз * АВТО нөмірі * сағат саны. Мерзімінен бұрын аяқтау үшін: S. Ұзарту үшін: X сағат.
Хабарлама мысалы: 6021*123ААА02 * 1
Beeline ұялы байланыс операторының абоненттері үшін Zhanymda мобильді қосымшасы арқылы автотұрақ ақысын төлеу мүмкіндігі қолжетімді. Төлем жасау үшін қосымшада «Simply» бөліміне өтіп, «Барлық төлемдер» тармағын таңдап, «Паркинг» қызметін және «Алматы Паркинг» сервисін ашу қажет.
Әрі қарай автотұрақ аймағының нөмірін, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізіп, автотұрақ уақытын минутпен көрсетіп, төлемді растау қажет.
Tele2 ұялы байланыс операторының абоненттері автотұрақ ақысын мобильді қосымша арқылы төлей алады. Төлем жасау үшін Tele2 мобильді қосымшасын ашып, басты бетте төмен қарай сырғытып, «Басқасы» бөліміне өтіңіз, содан кейін «Алматы Паркинг» қызметін таңдаңыз, автотұрақ аймағының нөмірін көрсетіңіз, көлік құралының мемлекеттік нөмірін енгізіңіз, тұрақ уақытының ұзақтығын минутпен көрсетіңіз және тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне SMS арқылы келетін алты таңбалы кодты енгізу арқылы төлемді растаңыз.