Жеңілдіктің қолданылу мерзімін «Парковки Алматы» мобильді қосымшасындағы «Менің көлігім» бөлімінен тексеруге болады.
Қосымшаны
PlayMarket
және
Apple Store арқылы жүктеп алуға болады.
Тексеру үшін:
- телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет;
- «Менің көлігім» бөлімінде автокөлікті қосу қажет.
Автокөлікті қосқаннан кейін бөлімде жеңілдіктің бар-жоғы және оның қолданылу мерзімі туралы ақпарат көрсетіледі.