CALL CENTER:
+7 (727) 390-8000
KZ
RU

Жеңілдікті санаттағы азаматтар

Алматы қаласының Коммуналдық ақылы автотұрақтарын (автотұрақтарды, паркингтерді) пайдалану ережелерінің 4-тарауына сәйкес тұрақ рұқсатын ресімдеу кезінде ақылы тұрақ аймағының шекараларында көлік құралдарын тегін тұраққа қою құқығына жеңілдікті санаттағы мынандай азаматтар ие:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілгендер, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;
  2. I және II топтағы мүгедектер, мүгедек баланың заңды өкілдері;
  3. «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  4. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;
  5. Тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтік мемлекеттік нөмірлік белгілермен және көк, қызыл түсті маяктармен жанатын және арнайы дыбыс сигналдармен жабдықталған арнайы автокөлік жүргізушілері.

Жеңілдікті санаттағы азаматтар"еOtinish" сервисі арқылы ONLINE бойынша өтініш бере алады немесе көрсетілген құжаттар топтамасын мына мекенжай бойынша ұсына алады: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байсейітова көшесі, 40, н. п. 71, 5 кабинет.

Тракторлардан, өздігінен жүретін машиналардан және өлшемдері коммуналды ақылы тұрақтардың тұраққа қою орындарының мөлшерінен асатын габаритті көлік құралдарын қоспағанда, механикалық көлік құралдарына жеңілдетілген автотұрақ ресімделеді.

Бір меншік иесінің бір көлік құралына ғана жеңілдікті автотұрақ беріледі.

Жеңілдіктерді ұзарту үшін тізімге сәйкес құжаттарды қайта тапсыру қажет. Айыппұлды болдырмау үшін пайдаланушылар берілген жеңілдіктердің жарамдылық мерзімін өз бетінше бақылауы қажет.

«Ұлы Отан соғысының ардагерлері» жеңілдік санатын растау үшін ұсынылатын құжаттар:

  • үлгі бойынша толтырылған және қол қойылған өтініш;
  • меншік иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (техникалық төлқұжат);
  • белгіленген үлгідегі растайтын құжат.

Жеңілдікті санатты растау үшін I және II топтағы мүгедектер, мүгедек баланың заңды өкілдері ұсынатын құжаттар:

  • үлгі бойынша толтырылған және қол қойылған өтініш;
  • меншік иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (техникалық төлқұжат)
  • мүгедектік туралы анықтама немесе қамқоршының куәлігі және баланың туу туралы куәләгә
  • мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, егер көлік құралы ерлі-зайыптылардың біріне ресімделген болса, неке туралы куәлікті және көлікті сақтандыру полисін қоса береді.
  • «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар:

    • үлгі бойынша толтырылған және қол қойылған өтініш;
    • меншік иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің (техникалық төлқұжат)
    • белгіленген үлгідегі растайтын құжат.

    «Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккендер» жеңілдік санатын растау үшін ұсынатын құжаттар:

    • үлгі бойынша толтырылған және қол қойылған өтініш;
    • меншік иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (техникалық төлқұжат)
    • белгіленген үлгідегі растайтын құжат.

    Тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтік мемлекеттік нөмірлік белгілермен және көк, қызыл түсті маяктармен жанатын және арнайы дыбыс сигналдармен жабдықталған арнайы автокөлік жүргізушілерінің жеңілдік санатын растау үшін ұсынатын құжаттар:

    • үлгі бойынша толтырылған және қол қойылған өтініш;
    • көлік құралын мемлекеттік тіркеу куәлігі (техникалық паспорт).