CALL CENTER:
+7 (727) 390-8000
KZ
RU

Жеңілдіктерді тіркеуге өтініш беру үшін:

1-қадам

Өтінішті (үлгіні) сайттан жүктеп алыңыз, толтырыңыз және қол қойыңыз (көк сиялы қаламмен).


2-қадам

Төмендегі құжаттарды сканерлеу және өтініш берген кезде оларды тіркеу:

  • Үлгі бойынша толтырылған және қол қойылған өтініш
  • Халықтың арнайы тобына жататын адамдар санаттарының біріне жататындығыңызды растайтын құжат (мүгедектігі туралы анықтама; қамқоршы куәлігі; ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдардың куәлігі; көп балала ана атағы туралы марарапаттарды,"Алтын алқа", "Күміс алқа," бұрын "Батыр ана" атағын,"I және II дәрежелі" Ана даңқы" "ордендерімен марапатталғанын растайтые құжаттар;)
  • Меншік иесінің көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің (техникалық төлқұжат);
  • Егер көлік құралы ерлі-зайыптылардың біріне ресімделген болса, неке туралы куәлік және автосақтандыру полисі.

  • 3-қадам

    Жеңілдікті санаттағы азаматтар "еOtinish" сервисі арқылы ONLINE өтініш бере алады немесе көрсетілген құжаттар топтамасын мына мекенжай бойынша ұсына алады: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байсейітова көшесі, 40, н. п. 71, 5 кабинет


    Ескерту:

    1. Ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін тексеру үшін 15 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі. Қосымша ақпарат алу үшін қарау мерзімі тағы 15 жұмыс күніне ұлғаюы мүмкін. Өтінішті қарау нәтижесі туралы "еOtinish"сервисі арқылы хабарлама келіп түседі.
    2. Жеңілдік Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен белгіленген коммуналдық ақылы автотұрақтардың аумағында ғана қолданылады.
    3. Жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе өзге де ресми құжаттарды қолдан жасау қылмыстық құқық бұзушылық екенін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қудаланатынын ескертеміз.