21.08.2023
«Алматы спецтехпаркинг сервис» барлық тротуар типіндегі ақылы тұрақтарда биллингтік платформаны өшірді
2023 жылғы 15 шілдеде «Алматы спецтехпаркинг сервис» барлық тротуар типіндегі ақылы тұрақтарда биллингтік платформаны өшірді. Бұл шешім бізбен келісілген. Тұрақ аймағын, уақыты мен төлем әдістерін көрсететін жаңа ақпараттық тақтайшаларды орнатқанша, көлікті жол бойында уақытша тегін қоюға болады.
Қазіргі кезде төлем тек қана алаң түріндегі тұрақтарға көлік қойғаны үшін қабылданады (негізінен Солтүстік айналым аумағындағы базарлардың жанында).
Коммуналдық кәсіпорынның бағдарламалық қамтамасыз етуі толық іске қосылғанша төлемдерді бұған дейін қаладағы тұрақтарды басқарған А-parking компаниясы қабылдайды. Осы кезеңде жиналған барлық қаражат бір оператордың шотына аударылады.
2023 жылдың соңында қаражатты қала бюджетіне аударып, аудан бойынша түскен қаржының статистикасын береміз. Әкімдік қаржыны аудандар бойынша, оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында нысандарды абаттандыруға бөледі.