CALL CENTER:
+7 (727) 390-8000
KZ
RU

Б2.png

 Жаңалықтар

23.05.2024

2024 жылдың 23 мамырынан бастап «Ялян» базарының тұрақ алаңында төлем жүйесі іске қосылды.

2024 жылдың 23 мамырынан бастап «Ялян» базарының тұрақ алаңында төлем жүйесі іске қосылды.
 
Бұрын кіру/шығу шлагбаумдық жүйемен бақыланған. «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК алаңдық типтегі тұрақтарда кедергісіз жүйе (шлагбаумсыз) ұйымдастырды. Кіру/шығу камералармен, фото және бейне тіркеулермен және тұрақ уақытын есепке алумен бақыланады. Мұндай жүйе кіру және шығу кезектерінің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды, автокөліктердің тұрақ аумағына өту уақытын қысқартады.
 
«Алматы паркинг» ШЖҚ МКК тұрақтарында жаңа жүйені пайдалану нұсқаулығы мен QR-коды бар ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Коммуналдық тұрақтарда алдынала төлем жүйесі жұмыс істейді.
 
Төлемді ЕДБ, «парковки Алматы» мобильдік қосымшасы, Almaty-parking.kz сайты, Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altelабоненттерінің 1309 нөміріне SMS жіберу арқылы және«Kassa 24» және «Qiwi» ақы төлеуге болады.
«Парковки Алматы» мобильдік қосымшасында «ПОСТТӨЛЕМ» және «АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМ» қарастырылған. Сондай-ақ, «ПОСТОПЛАТАНЫ» ағымдағы тәуліктің 23:59 сағатына дейін жүргізуге болады.
Ақылы тұраққа төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл 3 АЕК құрайды (ҚР ӘҚБтК 597-бабы, 4-1-б.).
Коммуналдық ақылы тұрақтарда көлік құралдарын тегін қою құқығына азаматтардың жеңілдікті санаттары ие.
 
Алаң тұрақтарының жұмыс кестесі тәулік бойы, демалыссыз. Төлем сағатына 100 тг құрайды.
 
Байланыс орталықтың +7 (727) 390-8000 жұмыс тәртібі күнсайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Возврат к списку