16.07.2024
Алматыда тұрақ үшін айыппұлдарды қалай болдырмауға болады
Алматыда тұрақ үшін айыппұлдарды қалай болдырмауға болады
Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының ШЖҚ "Алматы паркинг" МКК жүргізушілерге тұрақ үшін айыппұлдарды болдырмау туралы маңызды ақпарат ұсынады.
Алматыда тұрақ қалай жұмыс істейді?
Алматы қаласындағы коммуналдық тұрақ алдын ала төленген жүйе бойынша жұмыс істейді. Бұл төлемді көлік тұраққа қойылғаннан кейін бірден жасау керек дегенді білдіреді. Жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін 15 минуттан аспайтын уақытқа қысқа мерзімге тоқтатуға жол беріледі.
Тұрақ ақысын төлеудің қандай жолдары бар?
* "Алматы автотұрақтары" мобильді қосымшасы. Play Market және Apple Store дүкендеріннен жүктеп алуға болады
* almaty-parking.kz сайтында төлем
* ЕДБ мобильді қосымшалары (Halyk Bank, Kaspi Bank, Bank CenterCredit, Jusan Bank)
* Төлем терминалдары (Касса 24, Qiwi)
* KCELL, Activ, Beeline, Tele2, ALTEL абоненттеріне SMS арқылы төлем жасау
Айыппұлдардың негізгі себептері
1. Тұрақ ақысын төлемеу: егер Сіз тұрақ үшін төлемеген жағдайда, Сізге ҚР ӘҚБтК 597 бабының, 4-1-бөліміне сәйкес Алматы қаласы бойынша Полиция департаментімен ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл салынады.
2. Төлем уақыты жеткіліксіз: көптеген жүргізушілер нақты тұрақтанған уақыттан аз уақытты төлейді. Мысалы, олар 2 сағат үшін төлейді, алайда тұрақ аймағында 8-9 сағат тұрады. Автотұрақта өткізуді жоспарлаған толық уақытты төлегеніңізге көз жеткізіңіз.
Айыппұлдарды қалай болдырмауға болады?
1. Автотұрақ үшін бірден төлеңіз: бұл Сіздің тұрақ сессияңыздың уақытында тіркелуін қамтамасыз етеді.
Тұрақ уақытын дұрыс бағалаңыз: автотұрақта қанша уақыт өткізуді жоспарласаңыз, сонша уақыт төлеңіз. Егер тұрақ уақыты белгісіз уақытқа созылуы мүмкін болса, алдын ала көбірек уақыт төлеген дұрыс. Сондай-ақ, "Алматы автотұрақтары" мобильді қосымшасы арқылы "алдын ала төлем"төлем тәсілімен тұрақ ақысын төлеуді ұсынамыз. Сіздің балансыңыздан автотұрақ аймағының тарифіне сәйкес таңдалған кезеңде көрсетілген сома алынады, ал тұрақ мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда белсенді тұрақ сессиясын таңдап, "Аяқтау" түймесін басу керек. Пайдаланылмаған тұрақ уақыты үшін ақша Сіздің жеке шотыңызға оралады және келесі тұрақ сессияларын төлеуге пайдаланылуы мүмкін.
2. Егер Сіз тұрақ ақысын төлеуді ұмытып кетсеніз?
Егер Сіз тұрақ ақысын төлеуді ұмытып кетсеніз, оны "Алматы автотұрақтары" мобильді қосымшасы арқылы сол күні сағат 23:59-ға дейін жасай аласыз.
1. Қосымшада тіркеліңіз.
2. Көлігіңіз тұрған автотұрақты таңдаңыз. "Кейінгі төлем" әдісін қолданыңыз және тұрақ сессиясының нақты уақыт кезеңін көрсетіңіз, қосымша автоматты түрде автотұрақ аймағының тарифіне сәйкес таңдалған кезеңнің құнын есептейді.
3. Балансты толтырыңыз.
4. Тұрақ сессиясын растаңыз.
Толық нұсқаулықпен almaty-parking.kz. сайтта танысуға болады.
Кешегі тұрақ үшін ақы төлеу мүмкін емес.
ШЖҚ "Алматы паркинг" МКК барлық автокөлік жүргізушілеріне жағымсыз жағдайлар мен айыппұлдарды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауды және тұрақ ақысын уақтылы төлеуді ұсынады.