CALL CENTER:
+7 (727) 390-8000
KZ
RU

Б2.png

 Жаңалықтар

23.10.2024

Алматыда коммуналдық тұрақтарды басқарудың жаңа жүйесі іске қосылады

Алматыда коммуналдық тұрақтарды басқарудың жаңа жүйесі іске қосылады

Алматыда кедергісіз автотұрақтар: жүргізушілердің өмірін жеңілдететін жүйе

Алматыдағы бірнеше әмбебап базар аумағында жаңа форматтағы тұрақтар іске қосылады

Алматыда автотұрақ инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдың 24 қазанынан бастап «Казына», «Арлан», «Алатау-2», «Ақбұлақ-1», «Ақбұлақ-2» және «Ақбұлақ-3» әмбебап базарларының аумағында кедергісіз автотұрақ жүйелері іске қосылады.
Шлагбаумсыз автотұрақ жүйесі көліктердің кіріп-шығуын бақылау үшін заманауи фото және бейнетіркеу камераларын қолданады. Тұраққа кірген кезде камера көліктің мемлекеттік нөмірін және келген уақытын автоматты түрде тіркейді. Шығу уақыты да солай тіркеледі. Бұл тұрақта болу ұзақтығын дәл есептеуге мүмкіндік береді және шлагбаумның алдында тоқтаудың қажеті жоқ, бұл жүргізушілердің уақытын үнемдеп, кептеліс мәселесін шешеді.
Бұл жүйе мыңдаған жүргізушілерге күнделікті уақытты үнемдеуге және кіру мен шығу кезінде кептелістің алдын алуға мүмкіндік береді. Ақпараттық тақтайшалар мен QR-кодтары бар нұсқаулықтар орнатылып, төлем жасау процесі жеңілдетіледі.
Коммуналдық тұрақтарда алдын ала төлем жүйесі жұмыс істейді. Жүргізушілерге бірнеше ыңғайлы төлем әдістері ұсынылады:
•    «Алматы тұрақтары» мобильді қосымшасы: iOS және Android құрылғыларына арналған. Қосымшада «алдын ала төлем» немесе «ағымдағы күннің 23:59 дейін пост-төлемді» таңдауға болады;
•    Almaty-parking.kz сайты: тұрақ үшін онлайн төлем жасауға мүмкіндік береді, тіркеусіз қолжетімді;
•    SMS төлем: Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттері 1309 нөміріне SMS жіберіп, мобильді шоттан төлем жасай алады;
•    «Kassa 24» және «Qiwi» терминалдары: қолма-қол есеп айырысуды қалайтындар үшін;
•    Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары: банк қосымшалары арқылы төлеу мүмкіндігі.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың мамыр айында «Ялян» сауда орталығы жаңа жүйе сынақтан өтіп, қолданысқа енгізілген алғашқы нысан болды. Жаңа жүйені қолданған көлік жүргізушілері оның тиімділігін атап өтуде. Шлагбаумның ашылуын күтудің қажеті жоқ, барлық процесс автоматты түрде жүзеге асады.
Кедергісіз автотұрақ жүйесін енгізу қалалық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған ауқымды стратегияның бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта тұрғындардың жайлылығы үшін мұндай жүйе қаладағы коммуналдық автотұрақтардың көпшілігінде орнатылады деп жоспарлануда.
Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар күн сайын 08:00-ден 20:00-ге дейін +7 (727) 390-8000 телефоны арқылы call-орталыққа жүгіне алады.

«Алматы паркинг» ШЖҚ КММ

Возврат к списку