CALL CENTER:
+7 (727) 390-8000
KZ
RU

«Алматы паркинг» жобасы қаланың көше-жол желісін жеңілдету мақсатында жүзеге асырылды

Сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысына қолайлы жағдай жасау көзделген. Қаланың тығыз орналасқан аудандарындағы «ретсіз тұрақ» мәселесін шешуге және жаяу жүргіншілердің, қоғамдық көліктердің және автомобилдердің ыңғайлы жүруіне мүмкіндік жасауға арналған.

Жобаның негізгі міндеттері:
Жергілікті тұрғындарды өз үйлері жанындағы жеткілікті тұрақ орындарымен қамту.
Автотұрақ стратегиясы бос тұрақтарды тиімдірек пайдалануды көздейді


Төлемдерден түскен ақшалай қаражат қала бюджетіне түседі және «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша аудандық әкімдіктердегі абаттандыру жұмыстарына бөлінеді.
Бұл бағдарлама аумақтарды көгалдандыруға, тротуарларды, спорт және балалар алаңдарын жайластыруға, пандустар салуға, жаяу жүргіншілер жолдарын, саябақтар мен скверлер жасауға, жөндеуге және жарықтандыруға бағытталған.