бұйрыққа қосымша
Коммуналдық ақылы автотұрақтарды
(автомобиль қоятын орандарын) пайдалану туралы
жария шарт
Осы жария шарт (бұдан әрі – Шарт) Алматы қаласының көшелері бойындағы жолақтарда және жалпыға ортақ пайдаланылатын жер учаскелерінде орналасқан коммуналдық ақылы автотұрақтарды ( автомобиль қоятын орандарын ) (бұдан әрі – тұрақ кеңістігі, автотұрақтар) пайдалану тәртібін, сондай-ақ Алматы қаласы әкімі аппаратының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген міндетті тұрақ ақысын төлеу тәртібін айқындайды. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 -бабына сәйкес жария шарт болып табылады. Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағ ы "Алматы паркинг" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Оператор) Алматы қаласының тұрақ кеңістігін пайдалануды, күтіп -ұстауды және басқаруды жүзеге асырады. Ақылы автотұрақ аумағында тұрақ орнын пайдаланатын тұлға - Пайдаланушы деп аталады. Аталған мекеме мен тұлға б ірлесіп, яғни Оператор мен Пайдаланушы, ары қарай Тараптар деп аталады. Осы Шарт Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194 - V ҚРЗ «Жол жүрісі туралы» Заңының талаптарын ескере отырып, сондай -ақ Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 4/518 « Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын, паркингтерін) пайдалану қағидаларын бекіту туралы » қаулысына, 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/375 «Алматы қаласының көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда тарифті белгілеу туралы» қаулысына, сондай-ақ 2020 жылғы 16 қарашадағы № 4/504 «Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарына (автомобиль қоятын орындарына, паркингтеріне) сараланған тариф белгілеу туралы » қаулысына сәйкес әзірленді. Осы Шарт сақтау шарты болып табылмайды, сондай -ақ Алматы қаласының көшелері бойындағы жолақтарда және жалпыға ортақ пайдаланылатын жер учаск елерінде орналасқан тұрақ кеңістігі көлік құралдарын сақтауға арналмаған. Пайдаланушы көлік құралын қалалық орта жағдайында орналастыруға тән қауіптерді (үшінші тұлғалардың әрекеттері, ауа райы жағдайлары және Операторға байланысты емес өзге де мән-жайлар) өз мойнына алады. Оператор көлік құралына және (немесе) мүлкіне және (немесе) адамның денсаулығына зиян Оператордың кінәсінен келтірілген жағдайларда ғана және оның кінәсі дәлелденген кезде ғана жауаптылықта болады. Аталған жағдайларға мыналар жатады: тұр ақ кеңістігінің құрылымдарының,
жабдықтарының немесе инфрақұрылым элементтерінің құлауы; инженерлік коммуникациялардың, электржабдықтарының немесе Оператордың иелігіндегі өзге де объектілердің ақаулы немесе қауіпті күйде болуы; сондай - ақ Оператордың әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан зиян келтірілген өзге де жағдайлар. Оператордың жауапкершілігі дүлей күш жағдайларында, үшінші тұлғалардың араласуы және Операторға байланысты емес өзге де мән -жайлар орын алған жағдайларда қолданылмайды. Осы Шарттың талап тары заңмен және Алматы қаласы әкімдігінің автотұрақ ақысын төлеу бойынша міндеттемелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерімен қарастырылған жеңілдік санаттарын қоспағанда, барлық Пайдаланушылар үшін бірдей.
1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
1.1. Оператор – Алматы қаласы аумағындағы ақылы тұрақтарды одан әрі пайдалану және басқару, оның ішінде тұрақ кеңістігі пайдаланушылардан төлемдер қабылдау бойынша, автомобиль жолдарын пайдалану, құру (жайластыру) жөніндегі қызметтерін ұсынатын Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы паркинг" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ;
1.2. Тұрақ ақысы – Алматы қаласы әкімдігінің нормативтік -құқықтық актілерінде Алматы қаласының аумағында орналасқан ақылы тұрақтарда бір тұрақ орнын пайдалану үшін белгіленген міндетті төлем мөлшері;
1.3. Тұрақ орны – бір көлік құралын орналастыруға арналған Тұрақ кеңістігі шекарасында арнайы белгіленген және қажет болған жағдайда реттелген және жабдықталған орын;
1.4. Ақылы тұрақ (бұдан әрі - тұрақ) - автомобиль жолының бөлігі болып табылатын және (немесе) жүріс бөлігіне және (немесе) тротуарға, жол жиегіне, эстакадаға немесе көпірге іргелес, немесе көпір асты немесе эстакада асты кеңістіктердің бөлігі болы п табылатын арнайы бөлінген және қажет болған жағдайда жайластырылған және жабдықталған орын Тұрақ кеңістігінде уақытша орналастыру мақсатында көлік құралдарын ақылы негізде ұйымдасқан түрде қоюға арналған алаңдар және көше жолдары желісінің басқа объектілері.
1.5. Ақылы т ұрақ кеңістігі - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі аумақтық шекараларда орналасқан төлемақы шартымен пайдаланылатын жайластырылған және жабдықталған тұрақтардың (тұрақ орыны) жалпы режимi мен төлем ша рттары бар тұрақтардың жиынтығы.
1.6. Серіктестер – Оператормен жасалған шарттар негізінде әрекет ететін және
Пайдаланушылардан Оператордың банк шотына тұрақ ақысын қабылдау және аудару бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар.
1.7. Тұрақ орнын пайдаланушы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға, сондай -ақ келесі белгілердің біріне сәйкес келетін көлік құралының иесі (иеленушісі) болып табылатын жеке тұлға: көлік құралын Ақылы тұраққа қойған, Қазақстан Республикасының за ңнамасында көзделген көлік құралын Ақылы тұраққа тегін қоюға құқығы бар.
1.8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бірдей мағынадағы ұғымдар осы қоғамдық келісім -шарттың мақсаттары үшін де пайдаланылады.
2. Шарттың мәні
2.1. Пайдаланушы осы Шартта және Алматы қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және тәсілмен тұрақ ақысын төлеуге міндетті.
2.2. Тұрақтарды пайдалану, күтіп -ұстау және басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, Алматы қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай -ақ Оператордың өз құзыреті шегінде қабылданатын ішкі құжаттарына сәйкес Оператор арқылы жүзеге асырылады. Тұрақ кеңістігін басқару тұрақ орындарының, техникалық инфрақұрылымның және ақпараттық жүйенің жұм ыс істеуін қамтамасыз етуді, тұрақтар туралы ақпаратты орналастыруды және жаңартуды, сондай -ақ белгіленген тұрақ ақысын төлеген және бос тұрақ орындары болған жағдайда Пайдаланушыға көлік құралын тұраққа орналастыру құқығын беруді қамтиды.
2.3. Көлік құра лын ақылы тұраққа орналастыру, Оператордың мобильдік қосымшасын немесе сайтын пайдалану не тұрақ ақысын төлеу Пайдаланушының осы Шарттың талаптарымен танысқанын растайды және оған осы Шарттың, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының, Алматы қала сының коммуналдық ақылы авто тұрақтарын пайдалану қағидаларының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау міндетін жүктейді.
2.4. Ақылы тұрақтарда көлік құралдарының тоқтауы, кіруі және шығуы Қазақстан Респуб ликасының Жол жүрісі қағидаларына, Алматы қаласының коммуналдық ақылы авто тұрақтарын пайдалану қағидаларына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2.5. Тұрақ кеңістігін басқару жүйесінің жұмыс істеу ін қамтамасыз ету мақсатында Оператор тұрақ кеңістігін пайдалану фактілері туралы ақпаратты,
оның ішінде көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін, тұрақ аймағын, тұрақты пайдалану уақытын, тұрақ ақысын төлеу туралы мәліметтерді және тұрақ кеңістігі н әкімшілендіру мен уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті өзге де техникалық деректерді жинауды және сақтауды жүзеге асырады.
2.6. Осы Шарттың 2.5 -тармағында көрсетілген ақпарат Оператор тарапынан тек келесі мақсаттарда пайдаланылады:
- тұрақ ақысын төлеуді есепке алу және бақылау;
- тұрақ кеңістігін пайдалану фактілерін тіркеу;
3. Пайдаланушылардың өтініштерін қарау;
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда
уәкілетті мемлекеттік органдарға мәліметтер беру.
2.7. Осы Шартты орындау шеңберінде Оператор көлік құралының нақты иесін немесе тұрақ ақысын төлеуші жеке тұлғаны дербес айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтерге ие болмайды және Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының мәнінд е Пайдаланушының дербес деректерін өңдеуді жүзеге асырмайды. Оператордың жекелеген сервистерін (жеңілдіктерді рәсімдеу, жеке кабинетте тіркелу, сайттың немесе мобильдік қосымшаның өзге де функционалдық мүмкіндіктері) пайдалану кезінде Пайдаланушы өз еркімен дербес деректерін ұсынған жағдайда, оларды өңдеу Пайдаланушының жеке келісімі негізінде және Оператордың дербес деректерді өңдеу саласындағы саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Оператордың құқықтары мен міндеттері 3.1.1. Оператор Пайдаланушыдан түскен тұрақ ақысын есепке алуды, көлік құралын ақылы тұрақта орналастыру құқығын беруді, сондай -ақ тұрақ кеңістігін пайдалану фактілерін, оның ішінде көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін, тұрақтау уақыты мен орнын тіркеуді қамтамасыз етеді. Бұл деректер тек тұрақ кеңістігін әкімшілендіру, Пайдаланушылардың өтініштерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс -қимыл жасау мақсатында пайдаланылады. Оператор дербес деректерді өңдемейді және нақты жеке тұлғаны дербес айқындай алмайды. 3.1.2. Оператор тұрақ ақысын алу тәртібі және ақылы тұрақ орындарының тізбесі туралы толық әрі шынайы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде Оператордың «h ttps://almaty-parking.kz» сайтында орналастырады. Оператор Пайдаланушылардың біріне басымдық беруге құқылы емес және тұрақ ақысын төлеу үшін комиссиялық сыйақы өндіріп алмайды.
3.1.3. Оператор тұрақ аумағына орналастырылған көлік құралдарын күзетуді жүзеге асырмайды, олардың сақталуына, көлік құралдарындағы жабдықтарға және қалдырылған заттарға жауап бермейді. Сондай -ақ Оператор мемлекеттік органдар тарапынан көлік құралының эвакуациялануына және тұрақ аумағында жасалған құқық бұзушылықтарға құқықтық баға б еруге жауапты емес, бұл жағдайлар осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда. 3.1.4. Оператор тұрақ орнын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі бар -жоғына жауапты емес. 3.1.5. Оператор тұрақ ақысын төлеу кезінде есеп айырысуға қатысатын үшінші тұлғалардың (екінші деңгейлі банктер, төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, төлем агенттері, Серіктестер және т.б.) іс-әрекеттеріне жауапты емес. 3.1.6. Оператор өзінің жауапкершілік аймағындағы жүйе элементтерінің қателіктері немесе істен шығуларынан басқа жағдайларда, ақылы тұрақты төлеу жүйесін және/немесе оның компоненттері мен функцияларын пайдалану немесе пайдалана алмау салдарынан Пайдаланушыға және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген кез келген тікелей немес е жанама залалдар үшін жауапты болмайды.
3.1.7. Оператор енгізілген деректердің дұрыстығы, Пайдаланушының өзге де әрекеттері, сондай -ақ есеп айырысу қатысушылары арасындағы транзакциялардың дұрыстығы үшін жауапты емес. Тұрақ ақысын төлеу жүйесінің жұмыс істеуі үшін ұялы байланыс пен/немесе Интернет желісіне қолжетімділік қажет. Байланыс болмаған немесе өзге техникалық ақаулар туындаған жағдайда Пайдаланушы осы Шартта көзделген өзге төлем тәсілдерін пайдалануға міндетті. 3.1.8. Оператор жөндеу, құрылыс, а паттық-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар жүргізілуіне, сондай -ақ заңнамада және Алматы қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге негіздерге байланысты жекелеген тұрақтардың (тұрақ аймақтарының) жұмысын уақытша тоқтатуға құқылы, бұл туралы тиісті ақпаратты сол жерде және/немесе Оператордың сайтында орналастырады.
3.2. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері: 3.2.1. Пайдаланушы тұрақты пайдалану қағидалары, тұрақ ақының мөлшері, төлеу тәртібі мен тәсілдері туралы ақпаратпен Операт ордың сайтында және/немесе Оператордың колл-орталығына +7 (727) 39 08 000 нөмірі арқылы хабарласу арқылы танысуға құқылы.
3.2.2. Пайдаланушы тұрақ ақысын төлеу тәсілін өз қалауынша таңдауға құқылы:
- Оператордың сайтында (заңды тұлғалар үшін ) және/немесе мобильдік
қосымшасында виртуалды тұрақ шотын толықтыру арқылы (алдын ала төлем, кейінгі төлем және шотты толықтыру заңды және жеке тұлғалар үшін мүмкін);
- екінші деңгейдегі банктер арқылы;
- ұялы телефон арқылы 1309 қысқа нөміріне SMS-хабарлама жіберу жолымен
(тек алдын ала төлем);
- төлем терминалдары арқылы (тек қолма-қол алдын ала төлем);
- осы Шартта көзделген өзге де тәсілдермен.
3.2.3. Пайдаланушы тұрақты пайдалану кезінде көлік құралының тұрақта нақты болған уақытын ескере отырып (минуттық тарификация), бекітілген тарифтерге сәйкес тұрақ ақысын төлеуге, төлемді растайтын құжатты (электрондық растауды) сақтауға, сондай-ақ Оператордың мүлкіне келтірілген залалды және Оператордың шеккен шығындарын (бар болған жағдайда) өтеуге міндетті. 3.2.4. Пайдаланушы төлемнің кез келген тәсілін немесе Оператордың сервистерін пайдаланған кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін, өңір кодын қоса алғанда, дұрыс әрі толық енгізуге міндетті. 3.2.5. Пайдаланушыға тыйым салынады:
- тұрақ ақысын төлеуден жалтару;
- тиісті рұқсатсыз немесе жарамдылық мерзімі өткен рұқсатпен
мүгедектерге арналған орындарда тоқтау немесе тұрақтау;
- такси қызметіне арналған орындарда тиісті рұқсатсыз немесе мерзімі
өткен рұқсатпен тоқтау немесе тұрақтау;
- тротуарда, бордюрде тоқтау немесе тұрақтау;
- мемлекеттік стандарт талаптарын бұза отырып орнатылған,
оқылмайтын, стандартқа сай емес немесе анықтауға кедергі келтіретін материалдармен жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын қою;
- габариттері тұрақ орындарының өлшемдерінен асатын көлік құралдарын
қою;
- жол белгілері мен жолақ белгілерінің талаптарын сақтамау;
- жеңілдікке құқықты растайтын құжатсыз немесе мерзімі өткен, не өзге
тұлғаға тиесілі құжатпен тұрақтау;
- жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрсететін жол белгіле рі мен
жолақ белгілерінен тыс тұрақтау;
- ақылы тұрақ аумағын транзиттік қозғалыс үшін пайдалану;
- тұрақ аумағында басып озу;
- ақылы тұрақтардың жұмысы уақытша тоқтатылған кезде тоқтау немесе
тұрақтау;
- тұрақ аумағында темекі, алкогольдік немесе есірткі өнімдер ін тұтыну;
- аумақты ластау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер жасау;
- ақылы тұрақ жабдықтарын бүлдіру;
- жолақ белгілерін және жол белгілерін бүлдіру.
3.2.6. Пайдаланушының тұрақ ақысын белгіленген мөлшерде және нақты уақытын ескере отырып төлеу міндетін бұзуы Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. 3.2.7. Әкімшілік айыппұлды төлеу Пайдаланушыны тұрақ ақысын төлеу міндетінен босатпайды.
4. Тұрақ ақының мөлшері және төлеу тәртібі
4.1. Тұрақ ақының мөлшері Алматы қаласы әкімдігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
4.2. Растайтын құжаттың негізінде келесі санаттағы азаматтар ақылы тұрақтарда тегін тұрақ орындарын пайдаланады (көлік құралдарының заңды иелері):
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға
теңестірілген тұлғалар, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2. I және II топтағы мүгедектер, мүгедек баланың заңды өкілдері;
3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен м арапатталған көпбалалы
аналар, бұрын «Батыр ана» атағын алғандар, сондай -ақ «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталғандар;
4. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен тұлғалар;
- тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезінде арнайы жарық және
дыбыс сигналдарымен жабдықталған арнайы автокөлік жүргізушілері ;
- электрмобильдер иелері .
4.3. Арнайы санаттағы азаматтар Оператордың «https://almaty -parking.kz» сайтындағы «Жеңілдіктер» бөлімінде көрсетілген шарттарға сәйкес жеңілдік беру туралы өтініш беруге міндетті.
5. Шарттың қолданылу мерзімі және өзге де шарттар
5.1. Осы Шарт Оператордың «https://almaty-parking.kz» сайтында жарияланған сәттен бастап күшін е енеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шарттың талаптарына сәйкес тоқтатылғанға дейін қолданылады. Нақты Пайдаланушы үшін Шарт талаптары тұрақ кеңістігін нақты пайдаланған сәттен бастап қолданылады.
5.2. Оператор Қазақстан Республикасы ның заңнамасына, Алматы қаласының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының нормативтік құқықтық актілеріне немесе уәкілетті органдардың нұсқамаларына өзгерістер енгізілген жағдайда, сондай -ақ өзге де жағдайларда Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өз гертуге құқылы. Пайдаланушы өзгерістер туралы Оператордың «https://almaty-parking.kz» сайтында ақпаратты жариялау арқылы хабардар етіледі.
5.3. Оператор мен Пайдаланушы осы Шарт бойынша туындайтын дауларды келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешу үшін барлық шараларды қабылдайды. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Оператордың орналасқан жері бойынша сотқа жүгінуге құқылы.
5.4. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
5.5. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
5.6. Осы Шарттың кез келген шарты толық немесе ішінара жарамсыз немесе қолдануға келмейтін болып танылған жағдайда, бұл өзге шарттардың жарамдылығына және қолданылуына әсер етпейді.
6. Оператордың заңды мекен-жайы және банктік деректемелері
Алматы қаласы Жол қозғалысы ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекетті к кәсіпорны заңды мекен -жайы: Алматы қаласы, Байсеитова көшесі, 40 ұй, 71 т.ұ.-ж. БСН 220740000535 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты Кбе 16 БСК HSBKKZKX ЖКН KZ50601A861016336031