Айыппұлдар туралы пайдалы ақпарат
Ақылы тұрақтар Алматы қаласы әкімдігінің бекітілген ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Тұрақ ақысы алдын ала төленеді.
Айыппұлды болдырмау үшін автокөлік жүргізушілеріне автотұрақ ақысын уақтылы төлеуді ұсынамыз.
Көлік құралының иесіне келесі жағдайларда айыппұл салынуы мүмкін:
- тұрақ ақысын төлемеу;
- толық емес мөлшерде төлем.
Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл 1 АЕК құрайды (ҚР ӘҚБтК 597-бабы, 4-1 бөлігі).
Тұрақ аймақтарындағы бұзушылықтар фактілері Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасына беріледі; одан әрі іс-қимылдар Алматы қаласы полиция департаментінің құзыретіне жатады.
Әкімшілік айыппұлдардың болуын qamqor.gov.kz сайтынан және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан тексеруге болады.
Айыппұлдарды келесі жолдармен төлеуге болады:
- egov.kz қосымшасы;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары;
- екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде.
Айыппұлды жоғарыда көрсетілген тәсілдермен төлеген кезде төлеу туралы белгі дерекқорға автоматты түрде түседі — ішкі істер органдарына түбіртек берудің қажеті жоқ.
ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес айыппұл ұйғарым шығарылған күннен бастап 30 күннен кешіктірілмей төленуге тиіс. Айыппұлды уақтылы төлемеген жағдайда ҚР қолданыстағы әкімшілік заңнамасына сәйкес мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қабылданады.
Айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқамаға шағымдану үшін Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасына Байтұрсынов көшесі, 185 Б мекенжайы бойынша жүгініңіз.
Тұрақ ақысын төлемегені үшін айыппұлды қалай даулауға болады?
Қашықтан
- eOtinish.kz сайтындағы «eOtinish» сервисі арқылы;
- электрондық үкіметтің egov.kz мобильді қосымшасы арқылы.
Жеке
Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасына.
Төленбеген тұрақ үшін айыппұлға шағымдануға арналған құжаттар
- техникалық паспорт;
- айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама;
- тұрақ ақысын растайтын түбіртектер (банк қосымшасынан үзінді, төлем туралы SMS скриншоты, «Парковки Алматы» қосымшасынан төлем тарихының скриншоты, қолма-қол төлеген кезде терминалдан чек).
* Егер өтініш беруші көлік құралының меншік иесі болмаса — көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат: сенімхат, КҚИ АҚЖҚ сақтандыру полюсі, жол парағы. Әкімшілік айыппұлдарды qamqor.gov.kz сайтынан және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан тексеруге болады. Түбіртекте «хаттаманы қарау» функциясы бар (төменгі жолда).