Шығарындылары төмен аймақ (LEZ)

LEZ — Төмен шығарындылар аймағы ауа сапасын жақсартуға және қала ортасын сауықтыруға бағытталған.

Аймақ операторы — Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы №1/119 қаулысына сәйкес, Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК.

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі №2/267 қаулысына сәйкес, ластаушы заттар шығарындыларының деңгейі төмен техникалық пилоттық аймақ ретінде Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке қарай, Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Желтоқсан көшесінен шығысқа қарай және Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан көшелер шегінде анықталды.

LEZ жобасының негізгі мақсаттары:

  • Ауаның ластану деңгейін төмендету. Ескі, «түтіні көп» көліктердің кіруін шектеу халық тығыз қоныстанған аудандарда зиянды шығарындылар көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
  • Тұрғындардың денсаулығын жақсарту. Шығарындыларды қысқарту халық арасында тыныс алу жолдары мен жүрек-қантамырлары ауруларының төмендеуіне ықпал етеді.
  • «Таза» көлікке көшуді ынталандыру. Аймақтар экологиялық стандарттарға сай келетін заманауи автомобильдерді немесе электромобильдерді пайдалануды қолдайды.

Жобаны іске асыру кезеңдері

I кезең

2026 жылғы 1 маусымнан бастап

Аймаққа кіру туралы хабарлама алу.

II кезең

2027 жылғы 8 қаңтардан бастап

Ластаушы заттар шығарындыларының деңгейі төмен аймақтың шекарасы анықталғаннан кейін, аймақ шегінде техникалық тексеруден өтпеген және/немесе шығарындылар нормативтеріне сәйкестігін растамаған көлік құралдарына шектеулер енгізілетін болады. Аймаққа кіруге техникалық тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Анықтама: Техникалық байқау (техосмотр) және техникалық тексеру (техническое обследование) — екі бөлек рәсім. Міндетті техникалық байқау автомобильдің жалпы жағдайын тексеруге бағытталған, ал техникалық тексеру – бұл ҚР СТ 1433-2023 стандартына сәйкес тек қана шығарындылар деңгейін өлшеу рәсімі. Бензинмен және газбен жүретін автомобильдерде пайдаланылған газдардың уыттылығы, ал дизельді көліктерде – түтінділігі тексеріледі.

LEZ аймағына кіру үшін техникалық тексеруден өту және экологиялық класқа жіктеу талаптары

Жалпы талаптар

Шығару жүйесінің тұтастығы немесе герметикалығы бұзылған, сондай-ақ Check Engine немесе басқа ақау индикаторлары жанған/жыпылықтаған жағдайда көлік құралы пайдалануға (немесе техникалық байқаудан өтуге) жіберілмейді.

1. Экологиялық сыныптардың шығарылған жылына сәйкестігі

Өндіруші ел Қозғалтқыш түрі Еуро-0 Еуро-1 Еуро-2 Еуро-3 Еуро-4 Еуро-5 және 6
Ресей, ТМД, Қазақстан Бензин, газ 2005 жылға дейін — 2006–2007 2008–2012 2013–2015 2016 жылдан
Дизель 2005 жылға дейін — 2006–2007 2008–2012 2013–2015 2016 жылдан
Еуропалық Одақ (ЕО) Бензин, газ 1991 жылға дейін 1992–1995 1996–1999 2000–2004 2005–2009 2010 жылдан
Дизель 1991 жылға дейін 1992–1995 1996–1999 2000–2004 2005–2009 2010 жылдан
Жапония Бензин, газ 1996 жылға дейін 1997 жылға дейін 1998–2004 2005–2010 2011 жылдан —
Дизель 1996 жылға дейін 1997 жылға дейін 1998–2004 2005–2010 2011 жылдан —
Корея Бензин, газ 2000 жылға дейін 2000 жылға дейін 2001–2002 2003–2005 2006 жылдан 2010 жылдан
Дизель 2000 жылға дейін 2000 жылға дейін 2001–2002 2003–2005 2006 жылдан 2010 жылдан
АҚШ Бензин, газ 1990 жылға дейін 1995 жылға дейін 1996–2000 2001–2003 2004 жылдан 2010 жылдан
Дизель 1990 жылға дейін 1995 жылға дейін 1996–2000 2001–2003 2004 жылдан 2010 жылдан
Қытай Бензин, газ 2003 жылға дейін 2003 жылға дейін 2004–2007 2008–2010 2011 жылдан 2013 жылдан
Дизель 2003 жылға дейін 2003 жылға дейін 2004–2007 2008 жылдан 2011 жылдан 2011 жылдан

2. Экологиялық сыныпты анықтауға арналған шығарынды көрсеткіштері

№ Эко (Еуро) сынып CO CH
1 Еуро-6, Еуро-5, Еуро-4, Еуро-3 nmin бойынша ≤ 0,3%, nжоғар бойынша ≤ 0,2% —
2 Еуро-2, Еуро-1, Еуро-0 инжектор nmin бойынша ≤ 0,5%, nжоғар бойынша ≤ 0,3% nmin / nжоғар бойынша ≤ 200 млн⁻¹
3 Бейтараптандыру жүйесінсіз — карбюраторлы nmin бойынша ≤ 3,5%, nжоғар бойынша ≤ 2,0% nmin ≤ 1200 млн⁻¹, nжоғар ≤ 600 млн⁻¹

3. Дизель қозғалтқыштарына қойылатын талаптар

№ Эко сынып Қатты бөлшектер (PM2.5 және PM10) Міндетті жабдық
1 Еуро-4 және жоғары Түтінділік k, м⁻¹: ≤ 1,5 Күйе сүзгісі (DPF), AdBlue реагентімен толтырылған бак, таңдамалы каталитикалық тотықсыздандыру (SCR) жүйесі, пайдаланылған газдардың температурасы мен карбамид деңгейін бақылайтын жарамды датчиктер, 2 NOx датчигі (көрсетілген жабдықтар көлік құралының зауыттық жинақтамасында болған жағдайда).
2 Еуро-3 және төмен k: үрлеусіз ≤ 2,5; үрлеумен ≤ 3,0 Күйе сүзгісі
3 Еуро-0 k: үрлеусіз ≤ 2,5; үрлеумен ≤ 3,0 Талап етілмейді / жоқ

Аймақ шегінде көлікті пайдалану үшін иелеріне мыналар қажет:

  • Автокөліктің техникалық жағдайын талаптарға сәйкес келтіру.
  • Шығарындыларды бейтараптандыру жүйесінің (катализатордың) міндетті түрде ақаусыз жұмыс істеуі.

Еуро-4 және одан жоғары стандарттағы дизель отынымен коммерциялық тасымалдау үшін пайдаланылған газдарды тазартуға арналған реагентті сатып алу міндеті белгіленген. Шығыс нормасы: әрбір бірлік үшін 1000 км жүріске кемінде 15 литр.

Техникалық тексеру станциялары

 

Шығарындылары төмен аймақ (LEZ) | Almaty Parking