Алматы қаласындағы коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдалану туралы
ЖАРИЯ ШАРТ
Алматы қаласындағы коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдалану туралы жария шарт (бұдан әрі – Шарт) Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Басқарушы ұйым) басқаруындағы коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдалану талаптарын айқындайды.
Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария шарт болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жол жүрісі қағидаларына және Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 30 шілдедегі № 324 шешімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 тамызда № 39489 болып тіркелген Алматы қаласындағы жол жүрісін ұйымдастырудың жол жүрісі қағидаларымен реттелмеген бөлігіндегі қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер және негізгі ұғымдар
1.1. Осы Шарттың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Басқарушы ұйым – Алматы қаласының аумағында тұрақ кеңістіктерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Алматы қаласы Жол жүрісін ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Пайдаланушы – коммуналдық ақылы тұрақ кеңістігін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
коммуналдық ақылы тұрақ кеңістігі – Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен белгіленген, коммуналдық меншіктегі тұрақ кеңістігі;
тұрақ аймағы – сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, аумақтық, функционалдық немесе ұйымдық белгісі бойынша біріктірілген тұрақ кеңістіктері;
тұрақ сессиясы – көлік құралының тұрақ кеңістігі аумағында болуының ақы төленуге тиіс уақыт кезеңі.
1.2. Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қағидаларда белгіленген мағыналарда қолданылады.
1.3. Алматы қаласының аумағындағы коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктері аймақтарға бөлінуі тиіс және олардың түрі мен үлгісіне қарамастан тұрақ аймақтарына бөлінеді.
1.4. Осы Шарт қолданылатын коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктері мынадай түрлерге бөлінеді:
- тротуар үлгісіндегі орынтұрақтар;
- алаң үлгісіндегі орынтұрақтар;
- жерасты паркингтері;
- тоғыстырушы орынтұрақтар;
- жабық үлгідегі жерүсті орынтұрақтары (көп деңгейлі);
- механикаландырылған орынтұрақтар.
1.5. Осы Шарт жеке мобильді көлік құралдары тұратын коммуналдық орындарды пайдалану тәртібін, ұсталған және пайдаланылуына тыйым салынған көлік құралдарын арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау) және уақытша сақтау тәртібін, сондай-ақ қорғаныс конструкцияларын және реттеуші элементтерді орнату жөніндегі қатынастарды реттемейді.
2. Шарттың мәні
2.1. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдалану Қағидаларда және осы Шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Басқарушы ұйым Қағидаларда белгіленген шектерде коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асырады, ал Пайдаланушы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қағидалардың және осы Шарттың талаптарын сақтай отырып, көлік құралын коммуналдық ақылы тұрақ кеңістігіне орналастырады және ақы төлеуден босатылған немесе тегін пайдалану ұсынылған жағдайларды қоспағанда, белгіленген төлемді төлейді.
2.2. Ақылы режим қолданылатын кезеңде көлік құралын коммуналдық ақылы тұрақ кеңістігіне нақты орналастыру тиісті тұрақ кеңістігін пайдаланудың басталуы болып табылады және Пайдаланушының осы Шарттың талаптарына қосылғанын білдіреді.
2.3. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістігін пайдалану бос тұрақ орындары болған кезде жүзеге асырылады.
2.4. Көлік құралдарының тоқтауы және тұрағы «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Жол жүрісі қағидаларын, Қағидаларды, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының талаптарын және белгіленген тоқтау мен тұру режимдерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
2.5. Тұрақ кеңістіктерінің шекаралары тұрақ кеңістігінің үлгісіне қарай жол төсемінің конструкциялық элементтерімен, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарымен, уақытша немесе тұрақты қоршаулармен белгіленеді. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің көк түсті жол таңбасы болуы мүмкін.
2.6. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру кезінде Жол жүрісі қағидаларына сәйкес жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының және мынадай ақпаратты қамтитын ақпараттық қалқанның (маңдайшаның) болуы қамтамасыз етіледі:
- Басқарушы ұйымның атауы;
- жұмыс режимі;
- тариф;
- төлем тәсілдерінің тізбесі;
- call-орталықтың телефоны және Басқарушы ұйымның веб-сайты;
- мобильді қосымшаның атауы (болған жағдайда).
2.7. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің іске қосылу күні мен жұмыс режимі туралы ақпарат Басқарушы ұйымның «https://almaty-parking.kz» ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
2.8. Тұрақ кеңістіктерінің аумағында жай-күйі, орнату тәсілі немесе тозу дәрежесі оны сәйкестендіруге кедергі келтіретін не өзгертуге немесе жасыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі бар, сол сияқты бөгде заттарды, материалдарды немесе құрылғыларды пайдалана отырып мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі жасырылған немесе өзгертілген көлік құралының тоқтауына және (немесе) тұруына жол берілмейді.
2.9. Қағидаларға сәйкес енгізілген уақытша шектеулер немесе тыйымдар қолданылатын кезеңде тиісті тұрақ кеңістіктері немесе олардың жекелеген аумақтары осындай шектеулердің немесе тыйымдардың қолданылу мерзімі ішінде пайдалануға жабық болып есептеледі.
3. Жұмыс режимі, тұрақ сессиясы және ақы төлеу тәртібі
3.1. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің жұмыс режимі 8 сағат 00 минуттан 20 сағат 00 минутқа дейін белгіленеді.
3.2. Алаң үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктері, жерасты паркингтері, тоғыстырушы орынтұрақтар, жабық үлгідегі жерүсті орынтұрақтары (көп деңгейлі) және механикаландырылған орынтұрақтар тәулік бойы жұмыс істейді.
3.3. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін төлем Басқарушы ұйым белгілеген және ақпараттық қалқанда (маңдайшада) немесе Басқарушы ұйымның ақпараттық ресурстарында көрсетілген тәсілдермен алдын ала төлем тәртібімен жүзеге асырылады.
3.4. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін кейіннен төлеу тәртібімен, бірақ көлік құралы орналастырылған күні 23 сағат 59 минуттан кешіктірмей, Басқарушы ұйым белгілеген және оның ресми ақпараттық ресурстарында көрсетілген тәсілдермен төлеуге жол беріледі.
3.5. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін ақы осы бөлімнің ережелері ескеріле отырып, тұрақ сессиясының әрбір минуты үшін және Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітілетін тарифтеуге сәйкес төленеді.
3.6. Тұрақ сессиясы көлік құралы коммуналдық ақылы тұрақ аймағына нақты орналастырылған және көлік құралының кіруі тіркелген сәттен бастап, төлемнің жасалу уақытына қарамастан есептеледі. Алдын ала төлем жасалған жағдайда тұрақ сессиясы тұрақтың мәлімделген басталу уақытынан, көлік құралының кірген сәтінен не тіркелген сәтінен, қайсысы бұрын орын алса, сол сәттен бастап тұрақ сессиясы аяқталғанға дейін есептеледі. Кейіннен төлем жасалған жағдайда тұрақ сессиясы тұрақтың басталу сәтінен не тіркелген сәтінен бастап тұрақ сессиясы аяқталғанға дейін есептеледі.
3.7. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінде көлік құралы орналастырылған сәттен бастап алғашқы бес минут ішінде жеңілдік кезеңі беріледі, егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралына жүк тиеу немесе жүк түсіру үшін қажет болса, төлем талап етілмейді. Көлік құралының тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ аймағында болуының бес минуттық кезеңі артқан жағдайда, төлем көлік құралының коммуналдық ақылы тұрақ аймағында болуының алғашқы бес минуты ескеріле отырып, жеңілдік кезеңінен асқан сәттен бастап жүзеге асырылады.
3.8. Алаң үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ аймақтарында, жерасты паркингтерінде, тоғыстырушы орынтұрақтарда, жабық үлгідегі жерүсті орынтұрақтарында (көп деңгейлі) және механикаландырылған орынтұрақтарда тұру уақыты аяқталғаннан кейін тұрақ аймағының аумағынан шығу үшін он минут мөлшерінде жеңілдік кезеңі беріледі. Бұл уақыт тек қана шығуға арналған және оны тұрақта тұруды жалғастыру үшін пайдалануға болмайды. Жеңілдік кезеңінен асқан жағдайда, қосымша уақыт қолданыстағы тарифтеуге сәйкес төленуге тиіс.
3.9. Көлік құралының иесі не коммуналдық ақылы тұрақ аймағын пайдаланғаны үшін төлемді жүзеге асыратын тұлға көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі туралы мәліметтердің, оның ішінде әріптік, цифрлық және өзге де белгілердің, ақпараттық қалқанда (маңдайшада) көрсетілген тұрақ аймағы нөмірінің және тұрақ сессиясы ұзақтығының дұрыс енгізілуін қамтамасыз етеді.
3.10. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін төлемді бақылау мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
- тұрақтарды айналып өтетін және белгілі бір мерзімділікпен нақты көлік құралының нақты тұрақ орнында тұрғанын тіркейтін тұрақты автоматтандырылған бақылау көлік құралдары арқылы;
- стационарлық орнатылған фото және (немесе) бейнетіркеу техникалық құралдарының және (немесе) кіру мен шығуды бақылау құрылғыларының (шлагбаумдардың) және (немесе) көлік құралдарын автоматтандырылған есепке алуға, тұрақ режимін бақылауға және Қағидаларға сәйкес белгіленген бұзушылықтарды тіркеуге арналған өзге де жабдықтардың жиынтығы болып табылатын тұрақты бақылаудың стационарлық кешендері арқылы.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Басқарушы ұйым:
- өзінің қарамағындағы жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының, қоршаулар мен жабдықтардың жарамды күйін қамтамасыз етуге;
- Қағидаларда белгіленген шектерде коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін күтіп-ұстауды жүзеге асыруға;
- Қағидаларға сәйкес мұндай міндет Басқарушы ұйымға жүктелген жағдайларда коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін жарықтандыруды қамтамасыз етуге;
- Қағидаларда көзделген коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктері туралы ақпараттың болуын және орналастырылуын қамтамасыз етуге;
- Басқарушы ұйым айқындаған төлем тәсілдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
- Қағидаларда белгіленген тәсілдермен төлемді бақылауды жүзеге асыруға;
- Қағидаларда белгіленген жағдайларда және тәртіппен ақы төлеуден босатуды және тегін пайдалануды ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.
Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін күтіп-ұстауды, оның ішінде санитариялық тазалауды, жасыл екпелерді күтуді, қорғауды және санитариялық кесуді Алматы қаласының тиісті ауданы әкімінің аппараты немесе осындай жұмыстарды қамтамасыз ететін уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыруды Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
4.2. Басқарушы ұйым:
- Қағидаларда көзделген жағдайларда коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің жұмыс режимін айқындауға;
- коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін төлем тәсілдерін айқындауға;
- Қағидаларда көзделген тәсілдермен төлемді бақылауды жүзеге асыруға;
- тегін пайдалану ұсынылған кезде Қағидаларда белгіленген радиус шегінде тұрақты таңдау тәсілін айқындауға;
- Қағидаларда көзделген жағдайларда тегін пайдалануды тоқтатуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қағидаларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4.3. Пайдаланушы:
- Қағидаларда және осы Шартта белгіленген тәртіппен коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдалануға;
- коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің жұмыс режимі, тарифтеу және төлем тәсілдері туралы ақпарат алуға;
- Қағидаларға сәйкес алдын ала төлем немесе кейіннен төлеу тәртібімен ақы төлеуге;
- Қағидаларда көзделген жеңілдік кезеңдерін пайдалануға;
- Қағидаларда көзделген негіздер болған кезде ақы төлеуден босатылу немесе тегін пайдалану құқығын пайдалануға құқылы.
4.4. Пайдаланушы:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жол жүрісі қағидаларын, Қағидаларды және осы Шартты сақтауға;
- ақы төлеуден босатылу немесе тегін пайдалану құқығы болмаған кезде коммуналдық ақылы тұрақ кеңістігін пайдаланғаны үшін Қағидаларда белгіленген тәртіппен ақы төлеуге;
- көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі туралы мәліметтердің, тұрақ аймағы нөмірінің және тұрақ сессиясы ұзақтығының дұрыс енгізілуін қамтамасыз етуге;
- жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының талаптарын және белгіленген тоқтау мен тұру режимдерін сақтауға;
- Қағидаларға сәйкес енгізілген тоқтау мен тұруға уақытша шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті.
5. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босату және тегін пайдалану
5.1. Тиісті растаушы құжат негізінде коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің тұрақ орындарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемнен көлік құралдары меншік иелерінің мынадай санаттары босатылады:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І немесе ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
- Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
- электрмобиль иелері.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосулы жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдары, сондай-ақ аумақтарды жинауға, тазартуға, жасыл желектерді суаруға тартылған коммуналдық қызметтердің, су құбырының, электр желілері мен қондырғыларының апаттық қызметтерінің көлік құралдары, ұсталған және пайдаланылуына тыйым салынған көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) функцияларын жүзеге асыратын Басқарушы ұйымның эвакуаторлары тұрақты пайдаланғаны үшін төленетін төлемнен де босатылады.
5.2. Осы Шарттың 5.1-тармағында көрсетілген тұлғаларға ақы төлеуден босату осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген өтініштің және тиісті растаушы құжаттың негізінде жүзеге асырылады.
Ақы төлеуден босату Басқарушы ұйым өтінішті қарағаннан, ақы төлеуден босату үшін негіздердің болуын растағаннан және өтініш беруші Басқарушы ұйымның оң жауабын алғаннан кейін қолданылады.
Басқарушы ұйым оң жауап бергенге дейін коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдалану жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатудың қолданылу мерзімін Басқарушы ұйым осындай босату берілген күнтізбелік жылдың соңына дейін не Басқарушы ұйым айқындайтын өзге мерзімге белгілейді.
5.3. Алматы қаласының аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері не осындай үй-жайларды жалға алушылар өз таңдауы бойынша бір тұрақтың тұрақ орындарын бір үй-жайға бір көлік құралы үшін тегін пайдалануға құқылы.
Тұрақты таңдау үй-жай орналасқан жерден бес жүз метрге дейінгі радиуста Басқарушы ұйым айқындаған тәсілмен жүзеге асырылады.
5.4. Тегін пайдалануды ұсыну Басқарушы ұйымның интернет-ресурсы немесе азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген өтініш негізінде, осы Шартқа 5-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса беріле отырып жүзеге асырылады.
5.5. Тегін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу жүргізілген автокөлік құралы меншігінде болған жағдайда мынадай тұлғаларға беріледі:
- көппәтерлі тұрғын үйдегі үй-жайдың меншік иесіне не үй-жай меншік иесінің жазбаша келісімі болған кезде онымен бірге тұратын жақын туысына;
- көппәтерлі тұрғын үйдегі үй-жайды жалға алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жалдау шартының негізінде, жалдау шартының қолданылу мерзіміне.
5.6. Үй-жай немесе автокөлік құралы ортақ үлестік меншікте болған жағдайда, тегін пайдалану құқығы қалған меншік иелерінің жазбаша келісімі болған кезде беріледі.
5.7. Егер автокөлік құралының меншік иесі кәмелетке толмаған адам болса, тегін пайдалану оның заңды өкіліне, басқа заңды өкілі болған жағдайда оның жазбаша келісімімен беріледі.
5.8. Осы Шарттың 5.5-тармағының 1) тармақшасында, 5.6 және 5.7-тармақтарында көзделген жағдайларда жазбаша келісім осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
5.9. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістігін тегін пайдалану құқығын беру Пайдаланушыға нақты тұрақ орнын бекітуге әкеп соқпайды. Пайдалану таңдалған тұрақта бос тұрақ орындары болған кезде жүзеге асырылады.
5.10. Тегін пайдалану мынадай жағдайларда тоқтатылады:
- тегін пайдалануды ұсыну үшін негіздер жойылған, оның ішінде үй-жайға меншік құқығы тоқтатылған, автокөлік құралына меншік құқығы тоқтатылған, үй-жайды жалдау шартының қолданылуы тоқтатылған жағдайда;
- Басқарушы ұйымның автокөлік құралын сәйкестендіру мүмкіндігін жоққа шығаратын оның тіркеу деректері өзгерген жағдайда;
- өтініш беруші тегін пайдалануды ұсынуға негіз болған дәйексіз мәліметтерді немесе жалған құжаттарды ұсынған жағдайда;
- тегін пайдалануды ұсыну заңсыз деп танылған сот актісі заңды күшіне енген жағдайда;
- тегін пайдалану құқығы берілген адамның өтініші бойынша.
5.11. Осы Шарттың 5.3–5.10-тармақтарының ережелері жерасты паркингтеріне, тоғыстырушы орынтұрақтарға, жабық үлгідегі жерүсті орынтұрақтарына (көп деңгейлі), механикаландырылған орынтұрақтарға қолданылмайды.
6. Ақылы ресурстарды қайтару тәртібі
6.1. Пайдаланушы ақылы ресурстарды қайтару туралы өтінішпен осы Шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басқарушы ұйымға ақы төленген күнінен бастап үш жыл ішінде өтініш бере алады.
6.2. Ақылы ресурстарды қайтару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
- сол құралдың нақты төлемінің екі немесе көп ретті қате болуы және сол құралдың нақты төлемінің сол құралдың күні бойынша сол құралдың сол уақытында;
- мобильді қосымшасында Пайдаланушының лицалық есебіндегі пайдаланылмаған ақылы ресурстарының қалдығының болуы.
- коммуналдық ақылы тұрақ аймағының шеңберінен тысқары көлік құралын орналастыру үшін ақы төлеу;
- Басқарушы ұйымның ақпараттық жүйелерінің техникалық ойын-сапасы немесе қатесі салдарынан ақылы ресурстарының қате немесе негіз болмай ойынға салынуы.
6.3. Осы Шарттың 6.2-тармағында көзделмеген басқа ақы (алдын ала төлем/кейіннен төлем) қайтаруға ұласпайды.
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Осы Шартты орындамағаны немесе дәл орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес жауапкершіліке ұшырайды.
7.2. Коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктері көлік құралдарын сақтау үшін ұсынылмайды. Басқарушы ұйым коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерде орналасқан көлік құралдарын сақтауды және қорғауды, оның ішінде орнатылған жабдықты және оның ішіндегі имущесін сақтауды жүзеге асырмайды.
7.3. Басқарушы ұйым көлік құралының жойылуы, ұрылуы немесе зақымдалуы, оның ішінде орнатылған жабдық және ішіндегі имущесінің жойылуы, ұрылуы немесе зақымдалуы үшін, осындай салдарлар Басқарушы ұйымның виниді салдарынан туындаған жағдайда ғана жауапкершіліке ұшырайды.
7.4. Басқарушы ұйым коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінде бос тұрақ орындарының болуын кепілдік бермейді және бос тұрақ орындарының болмауының салдарынан көлік құралын орналастыру мүмкіндігінің болмауы үшін жауапкершіліке ұшырамайды.
7.5. Басқарушы ұйым коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерін пайдаланғаны үшін төлемді ұйымдастыруды жүзеге асыратын үшінші тұлғалардың (банк екінші деңгейінің, төлем ұйымдарының, ұялы байланыс операторларының, төлем агенттерінің және өзге де адамдардың) әрекеті (бәрсеге) үшін жауапкершіліке ұшырамайды.
7.6. Басқарушы ұйым төлем тәсілдерін пайдалану мүмкіндігінің болмауы, төлемді өткізудің ыңғайсылығы, төлемдемелердің ынамсыз өтуі және Басқарушы ұйымның қызмет қоршегінің сыртында болып жатқан өзге де салдарлар үшін жауапкершіліке ұшырамайды, Басқарушы ұйымның қызмет қоршегінде болғаны бөлігінде және Басқарушы ұйымды кепіліктілік ету мүмкіндігі болмайды, орындауды ағымдап отырған ағымдаушы ішінде болған істер болса.
7.7. Басқарушы ұйым Пайдаланушы енгізген мәліметтердің дәлдігі мен толықтығы үшін және Пайдаланушының төлемді ұйымдастыру кезінде әрекеттері үшін, сондай-ақ төлемні ұйымдастыруда қатысатын үшінші тұлғалар (банк екінші деңгейі, төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, төлем агенттері және өзге де адамдар) жүргіздіген транзакциялардың дұрыстығы үшін жауапкершіліке ұшырамайды. Төлем тәсілдерінің бөлігін пайдалану үшін мобильді байланыс пен (немесе) Интернетке қол жеткіліктіліктің болуы қажет. Мобильді байланыс болмаған, Интернетке қол жеткіліктіліктің болмаған немесе таңдалған төлем тәсілін пайдалануға кедергі келтіретін өзге де техникалық мәселелер болған жағдайда, Пайдаланушы Басқарушы ұйым айқындаған балама төлем тәсілін пайдалануға міндетті.
7.8. Пайдаланушы көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі туралы мәліметтердің, оның ішінде әріптік, цифрлық және өзге де белгілердің, тұрақ аймағы нөмірінің және тұрақ сессиясы ұзақтығының дұрыс енгізілуінің үшін жауапкершіліке ұшырайды.
7.9. Пайдаланушы өзінің вины салдарынан Басқарушы ұйымның жабдығына, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарына және өзге де имущесіне келтірген зақым үшін жауапкершіліке ұшырайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалпына келтіру қажетін өтейді.
7.10. Пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңнамасы, Жол жүрісі қағидалары және Қағидалардың талаптарын бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппе жауапкершіліктерге әкеп соқпайды.
7.11. Пайдаланушыны ағымдаушы өндіктеріктіліңіз болуы үшін ағымдап итіктіліңіз Пайдаланушыны осы Шартқа сәйкес коммуналдық ақылы тұрақ кеңістігін пайдаланғаны үшін ақы төлеу міндетінен босатпайды.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және өзге де ережелер
8.1. Осы Шарт оның Басқарушы ұйымның ресми интернет-ресурсына жарияланған сәтінен іске асады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жоюға немесе жаңа редакциясына ауыстырғанға дейін әрекет етеді. Конкретті Пайдаланушы үшін осы Шарттың ережелері коммуналдық ақылы тұрақ кеңістігін нақты пайдалануды бастаған сәттен бастап қолданылады.
8.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қағидаларға, Алматы қаласы мәслихатының шешімдеріне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, тарифтеуді реттейтін, сондай-ақ осы Шарттың мәні болып табылатын қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер, Басқарушы ұйым осы Шартқа сәйкес өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді. Осы Шартқа енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар Басқарушы ұйымның ресми интернет-ресурсына жарияланған сәттен іске асады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында, сәйкес нормативтік құқықтық актіде немесе Шарттың өзінде өзгеше мерзім белгіленбесе.
8.3. Тараптар осы Шартты орындаумен байланысты туындайтын ыс-ым мен дау-дамайларын өндіктіктіліңіз және (немесе) сөйлеуінен және авторысынан жүзеге асыруға бетін салады. Келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда, ыс-ым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппе шешіледі.
8.4. Осы Шартта реттелмеген барлық қалған мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қағидаларға сәйкес әрекет етеді.
8.5. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
8.6. Осы Шарттың жеке ережесінің немесе бөлігінің жарамсыздығы немесе қолданбасын осы Шарттың қалған ережелерінің жарамсыздығына және қолданбасына әкеп соқпайды.
Басқарушы ұйымның реквизиттері
Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Байсеитова көш., 40-үй, 71-офис
БІН: 220740000535
«Халық банк Қазақстан» АҚ
Крт.: 16
БІК: HSBKKZKX
ІІК: KZ50601A861016336031
Жария шартқа №1 нысан
Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК-ға
Кімнен _________________________ Пайдаланушының Т.А.Ә.
_________________________ ЖСН
_________________________ телефон нөмірі
Өтініш
Мені Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 30 шілдедегі № 324 шешімімен бекітілген Жол жүрісі қағидаларымен реттелмеген бөлігінде Алматы қаласында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес коммуналдық ақылы тұрақ кеңістіктерінің тұрақ орындарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатуға мынадай негіздің болуына байланысты «Автотұрақ платформасы 3.1 нұсқасы» ЭЕМ-ге арналған бағдарламасына енгізуіңізді сұраймын:
☐ Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері;
☐ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері;
☐ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I немесе II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
☐ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
☐ электромобильдердің иелері;
☐ Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңының 42-1-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде көзделген, көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосылған жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдары, сондай-ақ аумақтарды жинауға, тазалауға, жасыл екпелерді суаруға жұмылдырылған коммуналдық қызметтердің көлік құралдары, су құбыры, электр желілері мен қондырғылары авариялық қызметтерінің көлік құралдары, ұсталған және пайдалануға тыйым салынған көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) функцияларын жүзеге асыратын басқарушы ұйымның.
Қосымша:
1. _________________________________________________________
2. _________________________________________________________
3. _________________________________________________________
4. _________________________________________________________
5. _________________________________________________________
6. _________________________________________________________
20___ жылғы «____» ___________________ /_____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жария шартқа №2 нысан
Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК-ға
Кімнен ______________________________
__________________________________
Пайдаланушының Т.А.Ә.
__________________________________
тұрғылықты жерінің мекенжайы
__________________________________
ЖСН
___________________________________
телефон нөмірі
ӨТІНІШ
тұрақ орындарын тегін пайдалануды ұсыну туралы
Алматы қаласының аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайға меншік (жалдау) құқығымның болуына байланысты өз таңдауым бойынша бір коммуналдық ақылы тұрақтың тұрақ орындарын бір көлік құралымен тегін пайдалану құқығын беруді сұраймын.
Үй-жай туралы мәліметтер:
Үй-жайдың мекенжайы: _______________________________
Үй-жайдың түрі:
☐ тұрғын ☐ тұрғын емес
Үй-жайды пайдалану негізі:
☐ меншік құқығы ☐ ортақ үлестік меншік құқығы ☐ мемлекеттік тіркеуден өткен жалдау шарты.
Көлік құралы туралы мәліметтер:
Техникалық паспорттың нөмірі ______________________________
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ) ___________________________________
Тегін пайдалануды ұсыну негізі:
☐ үй-жайдың және көлік құралының меншік иесі;
☐ меншік иесінің тегін пайдалану құқығын беруге жазбаша келісімі болған кезде үй-жай меншік иесімен бірге тұратын жақын туысы;
☐ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жалдау шарты негізінде үй-жайды жалға алушы.
Таңдалған коммуналдық ақылы тұрақ:
Тұрақтың нөмірі _________________________
Мекенжайы (орналасқан жері) _____________________
Таңдалған тұрақтың осы өтініште көрсетілген үй-жай орналасқан жерден 500 метрге дейінгі радиуста орналасқанын растаймын.
Тегін пайдалану құқығы бір үй-жайға бір көлік құралымен таңдау бойынша бір тұраққа берілетіні және Пайдаланушыға нақты тұрақ орнының бекітілуін көздемейтіні маған белгілі.
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес осы өтінішті қарау және тегін пайдалануды ұсыну үшін қажетті көлемде менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Қосымша:
1. _____________________________________________
2. _____________________________________________
3. _____________________________________________
4. _____________________________________________
5. _____________________________________________
6. _____________________________________________
20___ жылғы «____» ___________________ /_____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жария шартқа №3 нысан
Коммуналдық ақылы тұрақты тегін пайдалануды рәсімдеуге
КЕЛІСІМ
Мен, _______________________________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
ЖСН ____________________________________,
тұрғын/тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі (ортақ меншік иесі) бола отырып, осы арқылы
___________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
коммуналдық ақылы тұрақты тегін пайдалануды рәсімдеуіне келісім беремін.
Келісім мыналарға қатысты беріледі (қажеттісін белгілеу):
☐ үй-жай меншік иесінің бірге тұратын жақын туысына коммуналдық ақылы тұрақты тегін пайдалану құқығын беру;
☐ ортақ үлестік меншіктегі тұрғын/тұрғын емес үй-жайды коммуналдық ақылы тұрақты тегін пайдалануды рәсімдеу үшін пайдалану;
☐ ортақ үлестік меншіктегі көлік құралын коммуналдық ақылы тұрақты тегін пайдалануды рәсімдеу үшін пайдалану.
Тұрғын/тұрғын емес үй-жай туралы мәліметтер
Мекенжайы: __________________________________________________________________
Көлік құралы туралы мәліметтер
Техникалық паспорттың нөмірі: _____________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу нөмірі: ___________________________________________________
Осы арқылы өтініш берушінің коммуналдық ақылы тұрақты тегін пайдалануын рәсімдеуге келісімімді растаймын.
Осы келісімде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
20___ жылғы «____» ___________________ /_____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жария шартқа №4 нысан
Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК-ға
Кімнен _____________________________
Пайдаланушының Т.А.Ә.
______________________________________
тұрғылықты жерінің мекенжайы
______________________________________
ЖСН
______________________________________
телефон нөмірі
Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтініш
__________ жылғы № __________ төлем құжаты бойынша төленген __________ теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты _____________________________________________________________________ себебіне байланысты қайтаруыңызды сұраймын (коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автотұрақ орындарын) пайдалану туралы Жария шартқа сәйкес себебі көрсетіледі).
Ақшалай қаражатты мынадай деректемелер бойынша қайтаруыңызды сұраймын:
Алушы ______________________________________________________________________
Алушының ЖСН ________________________________________________________________
Банктің атауы ________________________________________________________________
Шот нөмірі __________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес мен,
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________,
(Т.А.Ә. толық)
дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Қосымша:
төлем жасау фактісін растайтын құжат;
өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
20___ жылғы «____» ___________________ /_____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жария шартқа №5 нысан
Коммуналдық ақылы тұрақты тегін пайдалану құқығын беру үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі үшін:
- үй-жай орналасқан жерден 500 метрге дейінгі радиуста орналасқан таңдалған тұрақ аймағы көрсетілген белгіленген нысандағы өтініш;
- көппәтерлі тұрғын үйдегі тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын растайтын құжат («электрондық үкімет» веб-порталы eGov.kz арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар/ауыртпалықтар туралы мәліметтер);
- көлік құралын тіркеу туралы куәліктің (техникалық паспорттың) көшірмесі;
- үй-жай немесе автокөлік құралы ортақ үлестік меншікте болған жағдайда – қалған меншік иелерінің жазбаша келісімі (белгіленген нысан бойынша рәсімделеді).
2. Үй-жай меншік иесімен бірге тұратын жақын туысы үшін:
- үй-жай орналасқан жерден 500 метрге дейінгі радиуста орналасқан таңдалған тұрақ аймағы көрсетілген белгіленген нысандағы өтініш;
- тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын растайтын құжат («электрондық үкімет» веб-порталы eGov.kz немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы);
- Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес үй-жай меншік иесімен туыстық қатынасты растайтын құжат;
- үй-жай меншік иесінің тегін пайдалану құқығын беруге жазбаша келісімі (белгіленген нысан бойынша рәсімделеді);
- көлік құралын тіркеу туралы куәліктің (техникалық паспорттың) көшірмесі;
- үй-жай немесе көлік құралы ортақ үлестік меншікте болған жағдайда – қалған меншік иелерінің жазбаша келісімі (белгіленген нысан бойынша рәсімделеді).
3. Тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайды жалға алушы үшін:
- үй-жай орналасқан жерден 500 метрге дейінгі радиуста орналасқан таңдалған тұрақ аймағы көрсетілген белгіленген нысандағы өтініш;
- жалдау шартының тіркелгені көрсетілген «электрондық үкімет» веб-порталы eGov.kz арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар/ауыртпалықтар туралы мәліметтер;
- көлік құралын тіркеу туралы куәліктің (техникалық паспорттың) көшірмесі;
- көлік құралы ортақ үлестік меншікте болған жағдайда – қалған меншік иелерінің жазбаша келісімі (белгіленген нысан бойынша рәсімделеді).
Ескертпе:
Егер үй-жайдың және (немесе) көлік құралының меншік иесі кәмелетке толмаған адам болып табылса, қосымша кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және қорғаншылықты растайтын құжаттың (бар болса) көшірмесі ұсынылады. Кәмелетке толмаған адамның атынан құжаттарды оның заңды өкілі береді.