19.07.2023
Автотұрақтар қаланың меншігіне қайтарылды
Құрметті алматылықтар және қаламыздың қонақтары!
Алматыда бірыңғай оператор – «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Коммуналдық кәсіпорынның бағдарламалық жасақтамасы толық іске қосылғанға дейін бұрын қаланың автотұрақтарын басқарған «А – parking» компаниясы өз қызметін жалғастырып, төлемдерді қабылдайды. Осы кезеңде жиналған барлық қаражат бірыңғай оператордың шотына берілетін болады.
Автотұрақтарды енгізу әр аудан бойынша кезең-кезеңмен, жеке жүзеге асырылады. Алғашқы автотұрақ Медеу ауданында іске асады. Бұдан әрі-Алмалы, Бостандық және басқа да аудандарда.
Бүгінде тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда жерді қайта ресімдеу жұмыстары аяқталды, Медеу ауданында жаңа операторды көрсете отырып, ақпараттық тақтайшаларды ауыстыру басталды. Бақылау тақталары сонымен қатар аймақ нөмірін, тұрақ уақытын және төлем әдістерін көрсетеді.
Жаңа ақпараттық тақтайшалары бар аудандар фото-бейнетіркеудің мобильді кешендерімен бақыланатын болады. Жаңа плиткалар мен аймақтар белгіленбеген жерлерде төлем уақытша алынбайды
Автотұрақ орындарынан жиналатын барлық қаражат қала бюджетіне түсіп, аудан әкімдіктеріне «Халықтың қатысуы бюджеті» бағдарламасы бойынша абаттандыруға бөлінеді.
«Алматы паркинг» кезең-кезеңімен көшу туралы қала тұрғындарын алдын ала хабардар етеді, сондай-ақ әрбір қараусыз қалған аумақтар бойынша бөлек жариялайды. Жаңалықтарды Instagram@almaty_parking, Telegram @almatyparking парақшаларынан және БАҚ арқылы бақылай аласыздар.