Жеңілдіктерді тіркеуге өтініш беру үшін:
1-қадам
Өтінішті (үлгіні) сайттан жүктеп алыңыз, толтырыңыз және қол қойыңыз (көк сиялы қаламмен).
2-қадам
Сіздің санатыңызға сәйкес қажетті құжаттарды сканерлеңіз және өтініш берген кезде оларды тіркеңіз:
3-қадам
Жеңілдікті санаттағы азаматтар "еOtinish" сервисі арқылы ONLINE өтініш бере алады немесе көрсетілген құжаттар топтамасын мына мекенжай бойынша ұсына алады: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байсейітова көшесі, 40, н. п. 71, 5 кабинет. Жұмыс уақыты: сағат 09.00-18.00ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00ге дейін.
Ескерту:
- Ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін тексеру үшін 15 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі. Қосымша ақпарат алу үшін қарау мерзімі тағы 15 жұмыс күніне ұлғаюы мүмкін. Өтінішті қарау нәтижесі туралы "еOtinish"сервисі арқылы хабарлама келіп түседі.
- Өтініштер, хабарламалар, сұраулар, жауаптар мен ұсыныстар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.Өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған жағдайда, көрсетілген мерзім субъект басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады (Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабы).
Шағым келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралады (Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 99-бабы).
- Жеңілдік Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен белгіленген коммуналдық ақылы автотұрақтардың аумағында ғана қолданылады.
- Жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе өзге де ресми құжаттарды қолдан жасау қылмыстық құқық бұзушылық екенін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қудаланатынын ескертеміз.