Шығарындылары төмен аймақ (Low Emission Zone, LEZ)
LEZ — Шығарындылары төмен аймақ ең алдымен ауа сапасын жақсарту және қалалық ортаны сауықтыру үшін қажет. Ол қатаң экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтін көліктердің кіруін шектейді.
Аймақ операторы — Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК (Алматы қаласы әкімдігінің 25.02.2026 жылғы №1/119 Қаулысы).
Ластаушы заттар шығарындыларының деңгейі төмен аймақ келесі көшелердің квадратында белгіленген: Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігінде, Абай даңғылының солтүстігінде, Желтоқсан көшесінің шығысында, Достық даңғылының батысында (Алматы қаласы әкімдігінің 28.04.2026 жылғы №2/267 Қаулысы).
Жобаны іске асырудың негізгі мақсаттары (халықаралық тәжірибе):
•
Ауаның ластану деңгейін төмендету. Ескі, «түтіндейтін» көліктердің кіруін шектеу халық тығыз орналасқан аудандардағы зиянды шығарындылар көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
•
Тұрғындардың денсаулығын жақсарту. Шығарындыларды азайту халық арасында тыныс алу жолдары мен жүрек-қантамыр ауруларының төмендеуіне ықпал етеді.
•
«Таза» көлікке көшуді ынталандыру. Аймақтар заманауи экологиялық стандарттарға сай келетін автомобильдерді немесе электромобильдерді пайдалануды қолдайды.
Жобаны іске асыру кезеңдері:
I КЕЗЕҢ
2026 жылғы 1 маусымнан бастап
Аймаққа кіру туралы хабарлама алу.
II КЕЗЕҢ
2026 жылғы 1 тамыздан бастап
2027 жылғы 8 қаңтарға дейін техникалық тексеруден өту қажеттілігі туралы хабарламаларды алу.
III КЕЗЕҢ (Қорытынды)
2027 жылғы 8 қаңтардан бастап
Техникалық тексеруден өтпеген және шығарындылар нормативтеріне сәйкестігін растамаған көлік құралдарын аймақ шегінде пайдалануға шектеулер енгізіледі. Кіруге техникалық тексерудің оң нәтижесі болған кезде ғана жол беріледі.