Коммуналдық ақылы тротуар тұрақтардың жұмыс уақыты: күн сайын таңғы 8.00-ден кешкі 19.00-ге дейін.
Коммуналдық ақылы алаңдық тұрақтардың жұмыс уақыты тәулік бойы.
Коммуналдық ақылы тротуар тұрақтардың жұмыс уақыты: күн сайын таңғы 8.00-ден кешкі 19.00-ге дейін.
Коммуналдық ақылы алаңдық тұрақтардың жұмыс уақыты тәулік бойы.
Бұл сандар тұрақ аймақтарын білдіреді.
Бірінші сан алфавит бойынша ауданды білдіреді:
Екінші сан резервтік, тұрақ аймақтарын ұлғайту кезінде қолданылады. Соңғы екі сан учаскелердің кадастрлық нөмірлерін білдіреді.
Төлемдерден түскен ақшалай қаражат қала бюджетіне түседі және "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша абаттандыруға аудандық әкімдіктерге бөлінеді.
Қалада көп деңгейлі автотұрақтар салу бойынша пилоттық жоба жасалып жатыр, қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін қажетті техникалық тапсырмаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Ережеге сәйкес, ақылы тұрақ аумағында жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін көлік құралдарын 15 минуттан аспайтын уақытқа қысқа мерзімге тоқтатуға жол беріледі
Автотұрақ автомобильдерді сақтау орны емес, "Алматы паркинг" ШЖҚ МКК көлік құралдарының сақталуына жауапты емес. Жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес, ашық типтегі ақылы көше тұрақтары тұжырымдамасы тұрақта тұрған көлікті күзетуді көздемейді.
Автотұрақ аумағындағы форс-мажорлық жағдайлар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Сұрақтар мен ұсыныстарды:
бірыңғай байланыс орталығына: +7 (727) 390-80-00;
Мекен-жайы: Алматы қ., Байсейітова к-сі 40 т.е.ү. 71;
info@almaty-parking.kz электрондық мекенжайға бағыттауға болады.
Паркинг - бұл салыстырмалы түрде жақында сөйлеуде қалыптасқан ұғым. Шындығында, автотұрақ, тұрақ және паркинг арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Бүгінгі таңда Алматыда 12 500 автотұрақ бар.
Бүгінгі таңда қала бойынша тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша қосымша ақылы тұрақ орындары анықталады. Жоспар өз қаражатымызға жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Қазақстанның барлық тұрғындары үшін ереже бірдей болады. Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңының 54-бабына сәйкес барлық жүргізушілер заң алдында тең.