Ақылы автотұрақ аймақтарын сертификатталған фото және видео бекіту құрылғылары бар мамандандырылған көлік құралдары күзетеді. Бекіту үшін бағдарламалық-аппараттық кешендер қолданылады.
Жұмыс принципі: кешен автомобиль нөмірін бекітеді және таниды, нақты орны мен уақытын анықтайды. Тіркелген деректер өңдеу орталығына жіберіледі, онда алынған мәліметтер негізінде төлем фактісі автоматты түрде тексеріледі. Төлемеген жағдайда мәліметтер ӘІЖБТ-ға (әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне) беріледі.
Тұрақ аймақтарындағы бұзушылықтар фактілерін Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы қарайды, одан әрі әрекеттер әкімшілік полиция басқармасының құзыретіне жатады.